Бар болғаны 3 қадам
Каталогтан өзіңе ұнайтын әнді таңда. Әр табта видео немесе аудио нұсқасы бар.
Telegram немесе WhatsApp арқылы хабарлас. Төлем жасау жолын сол жерде көрсетеміз.
Төлемнен кейін бірден PDF + GPX файлдарын аласың. Қажет болса көмектесеміз.
Әннің рухын сақтайтын, гитараға ыңғайлы етіп жасалған таза аранжировка.
Смартфоннан ашуға PDF, немесе арнайы бағдарламаға (Guitar Pro) арналған GPX файлдары.
Easy, Medium, Hard — өз деңгейіңе сай келетін табты оңай табасың.
Робот емес, тірі адам жауап береді. Сұрақтарың болса әрдайым көмектесеміз.
Иә, есіміміз бірдей. Бірақ жолымыз да, қабілетіміз де бір нүктеде түйісті.
Біріміз — гитарада сөйлейтін адам.
Әр нотаға мән беретін, fingerstyle-ды жанымен сезетін музыкант.
Екіншіміз — кодпен ойлайтын адам.
Платформаны, ыңғайлылықты, дизайн мен жылдамдықты ойлайтын developer.
Біз қазақша әндерге арналған сапалы tab табу қиын екенін білдік. Сол себепті өзіміз жасауды шештік.
FingerstyleKz — бұл жай сайт емес. Бұл — қазақша музыканы гитарада жаңа деңгейде ойнауға арналған орта.
✨ Біздің мақсат — қазақша әндерді fingerstyle арқылы қолжетімді әрі түсінікті ету.
Егер басқа сұрағыңыз болса, бізге жазыңыз